Головкин Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын тартып алды - боксшы Маклин

«Қазақстандық боксшы Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын алып қойды», - деп қағытыпты. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

«Егер мен әлем чемпионы атағына қол жеткізсем, онда менің Головкинмен қайтадан кездескім келеді. Мен оны ұрып тастайтыныма сенімді емеспін. Өйткені оны орта салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы деп санаймын. Бірақ мен оның көзіне көк шыбын үймелетіп, қарсылық көрсете аламын. Өткен жолы мен ондай қарсылық көрсете алмаған едім. Онымен жекпе-жекке шығу үшін тағы да бәрін ортаға қояр едім. Геннадий Головкин ендігі Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын алып алды. Егер ол осы бетінен қайтпаса, онда салмақ дәрежесіне қарамай ең үздік боксшы атанған Флойд Мейвезер-кішіні де тағынан ауыстырады», - деп мәлімдеді Маклин.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Мэтью Маклин рингте 2013 жылдың 30 маусымында кездескен. Онда Қазақстан боксшысы британдықты үшінші минутта-ақ нокаутқа түсірген.


Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 18 қазан күні мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді. Қазақстанда бұл жекпе-жекті KazSport телеарнасынан, 19 қазан күні таңертеңгі сағат 08:30-да көруге болады.