Головкин Брукпен сайыс алдындағы видеосын жария етті

Геннадий Головкин Твиттердегі парақшасына ағылшын боксшысы Келл Брукпен сайыс алдындағы және сайыс кезіндегі видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. 

Бейнежазбада Геннадийдің жаттығып жүргені, рингке шығып келе жатқаны, сайыстың өзі және танымал қонақтармен сөйлескені көрсетілген.

Айта кетейік, Головкин мен Брук арасындағы бокс кеше Лондонда болған еді. Ол бесінші раундта Геннадийдің жеңісімен аяқталды. Онда ағылшын боксшысының жаттықтырушысы Доминик Ингл шәкіртінің денсаулығын ойлап, рингке қол орамал тастады.