Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің билеттері 1000 доллардан сатылады


BNews.kz порталының хабарлауынша, жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Оған билеттер осы сенбі күні – 24 желтоқсанда сатылымға шығады. Бір орын 100 доллар тұрады. Ең қымбат билет – 1000 доллар болмақ.

Билеттер Мadison Square Garden кассаларында, сондай-ақ,Ticketmaster.com сайты арқылы онлайн сатылады.
Шаршы алаңдағы жұдырық түйісуді HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жасайды. Әрбір көрерменге қарағаны үшін 54,95 доллар шығындауға тура келеді.