Головкин Фрочты "кезекті сайқымазақсың» деп әжуалады

«Бұл жолы сіздерге, расымен де, мен жазып отырмын, достар. Эдди Хирн және Том Леффлер мырзалар, сәлем. Фрочке қарсы жекпе-жекке қатысты ешқандай ілгерілеу болмағандықтан, бір-бірлеріңіздің сөздеріңізді қайталай беруді доғарыңыздар. Сәлем, Карл! Кімнің сенімге лайық, кімнің лайық емес екенін өзің пайымда. Сен - көп сөйлеп, бірақ ештеңе істемейтін кезекті сайқымазақсың», - деп жазды Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, бұл боксшылардың промоутерлері Эдди Хирн мен Том Леффлер жекпе-жекке қатысты келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ал британиялық боксшы соңғы сұхбатында Головкинді оңай жеңіп кететінін, сондықтан кездесудің болмайтынын айтты.