Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Головкин бұл құрметке нокауттардың ең жоғары пайызын көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектердің көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті. Қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.