Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер келесі аптада Golden Boy Promotions компаниясымен мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы келіссөзді бастамақ, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
ВoxingNews24 сайтының мәліметі бойынша, Том Леффлер Golden Boy Promotions компаниясынан бөлек IBF ұйымымен міндетті жекпе-жектің өткізу уақытын кейінге шегеру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Осыдан екі апта бұрын Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкинды Сергей Деревянченкоға қарсы жұдырықтасудыміндеттеген болатын.
Ұйым GGG 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекті өткізгеннен соң 90 күн ішінде украиналық боксшыға қарсы кездесу IBF белбеуін қорғау қажет. Егер отандасымыз 3 тамызға дейін келісімге келе алмаса, Головкин чемпиондық титулынан айырылады.
Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясы ұйымына Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізгеннен соң украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға дайын болатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні өту керек болған. Алайда мексикалық боксшының допинг тексерістен өте алмай қалуына байланысты Невада штатының спорт комиссияны оны бокстан жарты жылға шетттенкен. Осыған байланысты GGG 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын 2 раундта жойқын соққыларының астына алып, ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша GGG шаршы алаңдағы 38 жеңісіне қол жеткізді.