Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің менеджері, екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Хосе "Чепо" Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында өткен жылды қорытындылап, 2018 жылдан не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"2017 жылы біз үшін керемет болды, себебі фанаттар сұраған екі жекпе-жекті де өткіздік. Біріншісі Саульдің отандасы Хулио Сезар Чавеспен өтті. Бұл жекпе-жекті жанкүйерлер он жыл бойы күтті. Нәтижесі де жаман емес. Екіншісі - Геннадий Головкинмен. Әрине оның жақтастары қазақстандық боксшының жеңгенін айтып жатыр, біз де мексикалықтың басым болғанын айтамыз, сол себепті де барлығына да екінші кездесу керек. 2018 жылы біз "Канелоның" ең мықты тұстарын көретін боламыз. Біз психологиялық әрі физикалық тұрғыдан өскен Сауль жайлы айтып отырмыз. Ол көптеген нәрсені үйренді, команда да оның нәтижелеріне разы. Жекпе-жек алдында барлығы былай деген еді: "Головкин "Канелоны" нокаутқа түсіріп, зейнетке шығарады". Алайда мұндай ештеңе де болмады. Меніңше 2018 жыл "Канелоның" дүркіреген кезеңі басталатынына сенімдімін", - деді Рейносо.
Осыған дейін "Чепо" Альварестің Головкинмен екінші кездесу өткізуді қалап отырғанын айтқан еді. Сол үшін ол өз промоутерлеріне келіссөздерді табысты етіп жасасуды тапсырған.
Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді 2017 жылы бастап кеткен.. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.