рта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жек туралы пікір білдірді. Ол енді өзін басқаша ұстайтынын айтады.
"Маған бокстағы бизнес ұнамайды, сол үшін де мен енді жекпе-жекті сату үшін күлмеймін. Басты мақсатым - чемпиондық белбеулерімді сақтап, жеңіліссіз қалу. Мен басымдылыққа ие боламын және бұл жолы айқын көрінетін болады. "Канелоны" нокаутқа түсіруді қалаймын, бірақ әдейі емес, себебі мен былай-ақ жеңемін", - деп жазады sports.yahoo.com Головкиннің сөзін.
Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.