Головкин Қазақстанның Париж Олимпиадасында медаль алу мүмкіндігіне баға берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Әрине, Олимпиада – теңдессіз оқиға. Байрақты бәсекеге қатысуға лицензия жеңіп алған барлық спортшыларды біріктіреді. Мен Қазақстанның атынан барған спортшылардың бәріне жауаптымын. Оларға сәттілік, өздеріне сенімді болуын тілеймін. Командамыз мықты, олардың армандарына қол жеткізуге және медальдар жеңіп алуға мүмкіндік беретін өте күшті арсеналы бар. Олимпиада ойындары – ерекше тәжірибе. Бұл әуесқой спортшының басынан кешуі мүмкін ең жақсы нәрсе. Бұл Рождество мен туған күнді қоса алғаннан да керемет. Алтын медальдар көбіне рулеткаға ұқсайды», - деді Головкин.