WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес екінші кездесулерінің алдында допинг-тест тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы допинг сынамасын VADA ассоциациясы жүргізеді. Әлемдік бокс кеңесі бұл ассоциацияға спортшыларын «Таза бокс» бағдарламасының аясында жіберіп отырады.
VADA Twitter желісіндегі парақшасында Головкиннің мұндай сараптамадан жетінші рет, ал Альварестің алтыншы рет өтіп отырғанын жазған.
Еске сала кетсек, WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші мәрте кездесуге келіскені ресми түрде жария етілді.
Келісімшартқа қол қойылғаны жөнінде боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және НВО телеарнасы мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.