Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған. Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы жекпе-жектен «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты.
Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.