Головкин мен Альварес жекпе-жегі - WBC ұйымының 2016 жылғы басты мақсаты


Ол - орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен «уақытша» титул иегері Геннадий Головкиннің жекпе-жегі.

 «Бұл Мэйуэзер - Пакьяо және Альварес - Котто сияқты боксшылардың  жекпе-жегі өткен ерекше тарихи жыл болды, - деген Сулейманның сөзін келтірді Boxingscene. - 2016 жылы  да үздік боксшылардың айқасын ұйымдастыруға күш салатын боламыз. Оның ішінде көпшілік тағатсыздана күтіп отырған Альварес пен Головкиннің жұдырықтасуы.  Олар қыркүйекте АҚШ-та жекпе-жекке шығады деген үміттеміз. Алда олардың екеуін де ерікті қорғаныс күтіп тұр, одан кейін олар бір-бірлерімен кездесулері тиіс».