Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында  Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында.

Шамасы, Головкин - Чавес  кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес  маңындағы Инглвудте орналасқан  "Форум" (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды  Vesti.kz.