Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBC)  президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, екі боксшының қанынан да рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған. 

"WBC VADA-дан Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Роман Гонсалес және Брайан Вилориилердің алдын-ала нәтижесін алды. Оның қорытындысы бойынша боксшылардың қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған", — деп жазған Сулейман өзінің твиттер парақшасында. 

Еске салайық, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды.