Головкин мен Стивенс арасындағы жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі

деп хабарлады Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. «Қазақстандық боксшы Г.Головкин мен американдық К.Стивенс арасындағы жекпе-жек «KAZsport» және «Қазақстан» телеарналарының тікелей эфирі арқылы көрсетіледі», - деп жазылған хабарламада.


Кездесу 3 қараша күні таңертең болады, деп еске салады басқарманың баспасөз қызметінен.

Көрсетілім Астана уақыты бойынша 06:45-те басталады.