Головкин Мюррерді бесінші раундта нокаутқа түсіреді - америкалық БАҚ

32 жастағы Головкин мен оның құрдасы  Мюррей  21 ақпанда Монакода Salle des Étoiles аренасында кездеседі.  Жекпе-жекті НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Bleacher Report-тың болжамы бойынша, қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа  жібереді. 

Айта кетер жайт, алдағы айқас екі спортшының да кәсіби рингтегі 32-інші кездесуі болмақ, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Бұған дейін Головкин: "Мюррей - қатал әрі қауіпті қарсылас. Бұл әзілім емес. Алдағы айқас екеуміз үшін де оңайға соқпасы анық. Мюррей таяуда Серхио Мартинес, Феликс  Штурмамен екі  қатал жекпе-жектен өтті. Мұндай мықты қарсыласпен айқасқа шығу маған нағыз сынақ болары сөзсіз", - деген болатын.