Головкин нокауттардың шебері Рубиомен кездеседі

WBA чемпионы Геннадий Головкин мен WBC-ның уақытша чемпионы А.Рубио арасындағы жекпе-жек Калифорния штатындағы Карсон қаласының «Stub Hub Center» аренасында өтпек.

Рубио өз мансабында 66 жекпе-жек өткізді және кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген боксшыларды нокаутпен тізе бүктіріп, танымал болған өте шебер боксшы.

Бұның алдында хабарланғандай, шілде айының соңында Геннадий Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта сұлатып, өзінің 30-шы жеңісіне қол жеткізді.