Головкин Роналдудың шақыруымен Чемпиондар Лигасының финалдық ойынын тамашалады


Корольдік клубтың жеңісінен кейін GGG португальдықты матчқа шақыруы үшін Instagram-да алғыс айтып, сәйкес фотосын жариялады.

«Мадридтік «Реалды» 2016 жылы Миланда ЧЛ финалындағы жеңісімен құттықтаймын! Шақыруы үшін  Криштиану Роналдуға айрықша алғыс. Біз Сан-Сиро стадионында тамаша кеш өткіздік»,-деп жазды еш жеңіліп көрмеген қазақстандық.