ТalkSPORT журналисі Майкл Бенсонның мәліметінше, Сондерс жарты жылға шеттелді. Осы уақыт аралығында ол WBO рейтингінен шығарылады және оған шеттету аяқталған соң үш айдан кейін ғана қосылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, осы күндері Панама-Ситиде WBO ұйымының жыл сайынғы конвенциясы өтіп жатыр.
Еске салайық, Сондерс қыркүйек айының соңында допингпен ұсталған болатын. Осыдан кейін ол Деметриус Андрадемен (26-0, 16 КО) жекпе-жек өткізе алмай, чемпиондық белбеуден айырылды. Белбеу намибиялық боксшыны жеңген Андрадеге өтті.
Сондерс WBO белбеуіне 2015 жылы ирландиялық Энди Лиді (35-3-1, 24 КО) жеңген соң ие болған еді. Сонымен бірге, ол бірнеше рет қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге тырысқан болатын.