Головкин Сондерспен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке дайындалады.

Геннадийдің промоутері Том Леффлер мексикалық тараппен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда, алайда жағдай туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартқан.

Бастапқыда Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айына жоспарланған еді. Өткізу орны Астана қаласы деп жорамалданған.