Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте Геннадий Головкиннің пайдасына жүретін аса маңызды факторды атап көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
«Канело» бір жылдан бері рингтің бетін көрген жоқ, оның үстіне тізесіне жасалған отадан кейін енді өзіне келе бастады. Головкин белсенді болды, 5 мамырда «запастағы» Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберді. Головкин «Канелоға» біршама қиындықтар туындатуы мүмкін деген боксшыны оңай ғана жеңді. Сол жекпе-жек егер өзінің қалыпты слаггер әдісімен айқасса, Головкиннің жойқын күш иесі екенін көрсетті. Ол былтырғы «Канеломен» өткен жекпе-жекке қарағанда, осы амплуада мейлінше жақсы жұдырықтасады», - деп жазды автор. Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.