Головкинді Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін қорғауға міндеттеді

WBA (Super), IBO және WBC (interim) нұсқалары бойынша чемпион атанған Головкин қазан айында өткен өзінің соңғы кездесуінде канадалық Давид Лемьені нокаутқа жіберіп, IBF белбеуіне иеленді. Бұл 33 жастағы қазақстандық үшін 34 кездесудегі 34-ші жеңіс (31 нокаут) болды. Осыған дейін  Головкин 23 сәуірде Нью-Йоркте шаршы алаңға оралатыны жайлы хабарланды.

«Головкин сәуір айында Туреано Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс. Бұл кездесу әлі келісілген жоқ», - деп мәлімдеді IBF.


31 жастағы  IBF белбеуіне міндетті үміткер Джонсон 19 рет жеңіске жетіп (13 нокаут), бір рет жеңілген.