Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің сағат қаншада көрсетілетіні белгілі болды


"Қазақстан" және KazSport телеарналары Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурызда өтетін бокс кешінің трансляциясы қашан басталатынын нақтылады, - деп хабарлайдыVesti.kz.

Бокс кешінде Головкин-Джейкобс жекпе-жегі басты кездесу болмақ.

Астана уақытымен бокс кеші 19 наурызда таңғы уақытта басталады. "Қазақстан" және KazSport телеарналарында тікелей таратылым 8.00-де басталады.