"Головкинге ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеген". Полиция видео авторын тапты

"Полицейлер жалған видео авторын анықтады. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та таралған видеода автор Астанадағы Күйші Дина көшесінде біреудің өзін-өзі өртегені жайлы айтады", - делінген елордалық ІІД өкілдерінің хабарламасында. 28 жастағы ер адам өртті видеоға түсіріп, оны сыныптастарының чатына жолдағанын айтады. "Ер адам жалған хабар таратқанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады", - деп хабарлады полицейлер.

ІІД өкілдері жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.