«Дэниэл Гил - Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі. Австралиялық бұрынғы әлем чемпионы, десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», - деді Сәпиев.
«Әрине Головкинге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенім. Алайда Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін», - деп түйіндеді сөзін С. Сәпиев.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.