Головкин-Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы мақтаулы алғашқы ондыққа енді

Алғашқы ондыққа Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен болған жекпе-жегі де енді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Аталған сайттың жазуынша, бұл жекпе-жек Геннадий үшін чемпиондық белбеу үшін жасаған тағы бір қадам болды. Бірақ, мықты Мартин Мюррей рингте аянбады. Мюррей Головкиннің бұған дейін кездескен қарсыластарының ең мықтысы болды.

Жекпе-жек оныншы раундта аяқталуы мүмкін еді. 11-ші раундта Мюррейдің әбден әлсірегенін түсінген рефери Луис Пабои жекпе-жекті раундтың аяқталуына 50 секунд қалғанда тоқтатты.