"Головкиннен басқа": Сарапшы "Канелоны" жеңе алатын жалғыз боксшыны атады


Мексикалық Сауль "Канело" Альваресті екі боксшы ғана жеңе алады деді британиялық talkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Әрине, Йылдырым "Канелоға" қарсылас емес. Боксшы екі жыл рингке шықпаған. Екіншіден, Альварестің өзі тамаша формада. Қазір ол өз дивизионының ең мықтысы атануға шақ тұр. Жалпы жекпе-жек туралы бірдеңе айту артық. Түрік боксшыда ешқандай мүмкіндік болмады. Енді "Канело" белбеулерді біріктіру жолында. Сондерспен айқас көп дүниені шешеді. Меніңше, Билли Джо оны тоқтата алатын жалғыз боксшы. Мамамырда біз қызықты жекпе-жек тамашалай аламыз. Әлбетте Головкин де бар, алайда, олардың үшінші жекпе-жегі бір жылдан кейін болады. GGG басқа салмаққа өту керек. Егер трилогия аяқталатын болса, онда "Канелоның" қазіргі салмағында ғана", - дейді Бенсон.