Ол "Канелоның" екі рет допинг сынамасынан құлағанына қатысты Геннадий Головкиннің бапкері сынай беретінінен мезі болғанын айтты, - деп хабарлайды allboxing.ru. "Абель - нашақор, ол бізді айыптаймын деп не болса соны айтып жүр. Ол не болып жатқанын өзі де білмейді және оның айтқандарының барлығы нақты емес. Бос сөз сөйлей бергенше, жекпе-жек ұйымдастырайық", - деді Гомес. Сонымен қатар, ол Том Леффлермен Головкин-Альварес екінші жекпе-жегін ұйымдастыру жайында сөйлескенін айтты. "Біз дайынбыз. Ол шарттарды біледі - бірінші жекпе-жектегі шарттар секілді, тек аз ғана өзгерістер енгізіледі. Қазіргі уақытта мен оның қоңырауын күтіп отырмын. Біз асықпаймыз, алайда шыдамның да шегі бар. Біз барлығын осы айдың соңына дейін шешуіміз қажет", - деді ол. Еске сала кетейік, Головкин биыл 5 мамырда Альвареспен реванш өткізуі тиіс болатын. Алайда мексикалық боксшы допинг-тесттен өте алмай қалды. NSAC Альваресті уақытша шеттетті. Бірінші жекпе-жекте екеуі тең түскен болатын. Альварестің орнына америкалық Ванес Мартиросян шығып, GGG оны екінші раундта нокаутқа түсірді