Бұл туралы Yahoo! Sports-ға берген сұхбатында бапкер Том Леффер мәлімдеді, делінген GGG ВКонтакте беттерінде.
Леффлердің айтуынша, ол НВО басшылығымен басқа да мүмкіндіктерді талқылауды жоспарлауда. Өйткені шілде айындағы жекпе-жекті кейінге қалдырғысы келмейді.
Сондай-ақ Головкиннің бапкері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондар - Питер Куиллин мен Дэниел Джейкобс шілдедегі кездесуде Головкинге қарсы бірден-бір ықтимал үміткер болатынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» (Forum) жабық аренасында 19 шілдеге белгіленген. Егер тараптар уағдаластыққа келе алмаса, қазақстандық дәл сол күні, бірақ Нью-Йоркте рингке шығатын болады.