Головкиннің чемпиондық титулына міндетті үміткер анықталды

Екінші кезеңде Хейланд тепе-теңдікті сақтай алмай, құлап бара жатып Чарлоның соққысына тап болды. Алайда, аргентиналық боксшының сәтсіздігіне құлап бара жатып сол жақ аяғын жарақаттап алғандығы себеп болды. Ал, қарсыласы үшін бұл оңай олжа болды. Төреші мен дәрігер белгісіз себептермен Хейландтың үшінші, одан кейін төртінші раундқа шығуына рұқсат берді.

Нәтижесінде, Хейланд Чарлоның үздіксіз шабуылынан тағы да құлады. Бұл жолы төреші жекпе-жекті тоқтатты.