Головкиннің өз жанкүйерлері жоқ, промоутерлері нашар - Фредди Роуч


Оның айтуынша, Котто әзірге 13 желтоқсан күні өтетін келесі қарсыласын анықтаған жоқ, дегенмен ол Головкиннің кандидатурасын бірден сызып тастаған. Себебі қазақстандық боксшы қажетті қаражатты жинай алмайды деп ойлайды.

«Коттода 13 желтоқсанда жекпе-жек жоспарланған», - деп келтіреді ESPN Роучтың сөзін. «Қарсыласты әлі күнге дейін анықтаған жоқпыз. Оны таңдау қажет. Головкин Мигельмен кездесуге ниет танытқанын білемін, бірақ ол жекпе-жек болмайды, өйткені Головкин кездесуге қажетті қаражатты жинай алмайды. Геннадий - жақсы боксшы, бірақ оның тұрақты өз жанкүйерлері жоқ. Промоутерлер оның танымалдығын арттыру жолында өте нашар жұмыс істеуде».