Головкиннің қарсыласы жаттықтырушы таба алмай жүр

Бұған дейін Чавес Роберт Гарсиемен жұмыс істеуді жоспарлаған, алайда бұл маманмен келіссөздер әлі басталған жоқ. Сондай-ақ мексикалық спортшыға Фредди Роач та көмектесе алмайды. Сондықтан, оның бұрышында промоутер Боб Арум қатты сынаған Владимир Бельденбро қалуы ықтимал.

Еске сала кетсек, Головкин мен Чавестің жекпе-жегі 19 шілдеде өтеді деп жоспарланып отыр.