Головкиннің жеңілісі жайлы БАҚ не жазуда?

Спорт жайлы ақпарат тарататын ресейдің танымал Sport.ru басылымы отандасымызды қолдап,  “Геннадий Головкин төрешілер үшін жұдырықтаспайды” – деген мақала жазған. Басылым Головкин мен Альварестің жекпе-жегіндегі әрбір раундқа мән беріп, олардың қалай жұдырықтасқандарын жазған.

“Канело ең прагматикалық әрекет ететін боксшы екенін көрсетті. Күштерді дұрыс таратып, судьяларды оның пайдасына бейімдеуі мүмкін барлық заттарды пайдаланды. Сол себепті де ол жеңіске жетті” – деп жазады Sports. Ru.

Сондай-ақ басылым “Головкин Мен Альварес жекпе-жегінің қорытындысына келісесіздер ме?” - деген сауалнамаға көпшілік қауым “келісеміз” - деп дауыс берген екен.

Головкин мен Альверстің жекпе-жегіне қатысты бокс тарихындағы үш рет жасы келген әлем чемпионы атанған Бернард Хопкинс Boxingscene.com сайтына сұхбат беріп, өз пікірін білдірді.

“Канело шаршы алаңының ортасында тұрды, өйткені ол Геннадийге қарағанда тезірек болатынын білді, ол жекпе-жек кезінде тезірек ойлай білді. Жас айырмашылығы кішкене болсын білінді. Головкин шаршы алаңда шаршаңқы көрінді, оны аренадағы әрбір көрермен де байқады” – дейді Бернард Хопкинс.

Ал Sputniknews.kz Майк Тайсонның кішігірім сұхбатын шығарған.


“Тамаша тартыс болды. Мен Канеллоның жанкүйерімін, оның жеңіске жеткеніне қуаныштымын” – деп айтқан әлемге әйгілі Майк Тайсон.

Ал prosports.kz басылымы, твиттер желісіне кіріп танымал тұлғалардың желідегі пікірлерін өздерінің басылымдарына шығарған екен.

Біз твиттер желісіне кіріп, бокс сүйер қауымның қазақстандық боксшының жеңілісіне не деп жазғандарын қарап көрдік.

45 жастағы кәсіби боксер Оскар Де Ла Хойя: 116-113 болып Головкиннің жеңіске жеткенін бәрі біледі, сондықтан да мен төрешілермен келіспеймін. Міне осы себептен боксқа сенуге болмайды, бокс ол нағыз – қоқыс.

Ал 30 жастағы америкалық кәсіби боксер Теренс Кроуфордтың жазуынша “жекпе-жек расымен әділ өтті, егерде жеңісті Канеллоға берсе әділетсіз болар еді, меніңше олар жекпе-жекті Англия сияқты елде мысалы Головкиннің де, Канеллоның қатысы жоқ елде болу керек” - дейді.