Головкин-Сондерс жекпе-жегінің Қазақстанда қашан өтетіні хабарланды

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«GGG-Сондерс жекпе-жегі 10 маусымда Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Себебі 18 наурызда GGG Джейкосбпен кездеседі, бірақ бұл мәліметті ешкім ресми түрде жариялағысы келмей отыр», - деп жазды Барбоза Twitter желісіндегі аккаунтында.

Ал осыған дейін БАҚ Головкин мен Сондерстің Қазақстанда жазда кездесуге келіскені жайлы хабарлаған. Жекпе-жек EXPO-2017 күндері өтеді делініп, ал көрменің баспасөз қызметіндегілер боксшылар арасындағы келіссөздерді растап берген болатын.

Айта кетейік, 2016 жылы Головкин Сондерспен келіссөз жүргізген, алайда келісімге келу мүмкін болмады. Қазақстандық ұлыбританиялықпен WBO белбеуін тартып алу үшін кездескісі келеді. Ал тартып алған жағдайда орта салмақтағы барлық белбеудің басын біріктіреді.