“Бұл алдын ала мәлімет, құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін”, - дейді Комаянгуа департаментінің криминалистік қызмет басшысы Люси Мардер.
Өрт салдарынан зардап шеккен 30 шақты тұтқын “Санта Тереса” ауруханасына жеткізілген. Қалған жарақат алушылар Гондурас астанасы Тегусигальпудегі “Эскуэла” ауруханасына жатқызылды.
Өрт қызметінің өкілі Хосе Гарсияның айтуынша, өрт түрме секторларының бірінде кешке шыққан. Ол кезде түрмеде 500-ге жуық тұтқын болған.
Гондурас түрмесіндегі өрттен 270-тен астам адам қайтыс болды
