Гонгконгте мұсылмандар саны артып, мешіт жетіспеушілігі байқалуда

Оның бұлай әрекет етуіне соңғы уақытта аралда қатары артып келе жатқан мұсылмандарға діни амалдарын орындайтын орындардың таршылық етуі мен жетіспеушілігі себеп болып отыр. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің muslim.kz сайты хабарлайды.

Дерекке қарағанда, Гонконг үкіметі мешіт құрылысына жер бөлгенімен оны тұрғызуға қаражаттың жоқтығы қолбайлау болып отыр.

Ал қазіргі таңда Гонконг мұсылмандарының саны жарты миллионнан асыпты. Олардың көпшілігін күнкөріс іздеп келген индонезиялықтар құрайды екен. Сонымен бірге, Пәкістан, Бангладеш және Батыс Африка сияқты елдерден де келгендердің қарасы көп тәрізді.