Гонконгта 700 жылдық ваза бәссаудаға түспек

Сотбис аукциондық үйі 700 жылдық ыдысты 8 миллион долларға сатуға дәмелі. Өйткені фарфордан жасалған сегіз бұрышты ваза өзінің заманы үшін ерекше ыдыс. Сонымен қатар ол император сарайына арнап дайындалған. «Оған қоса, мұндай құнды заттар саудаға өте сирек шығарылады», - дейді Sotheby's сауда үйінің өкілі.

«Бұл 40 жылда бір келетін мүмкіндік. Бұл құты Қытайдағы музей құрылысымен айналысатын жомарт жандарды қызықтыруы тиіс деп ойлаймын», - дейді Sotheby's бәс сауда үйінің қытай керамикасы жөніндегі маманы Джулиан Кинг.