Гонконгте желтоқсанның ортасында "Қазақстандағы инвестициялық ахуал" атты халықаралық бас қосу өткізіледі

Бұл бас қосу Қазақстан мен ҚХР-ның арнаулы әкімшілік ауданы - Гонконг арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға, екі елдің жеке меншік компаниялары арасында байланыс орнатуға, нақты келісімдерге қол қоюға, сондай-ақ, қазақстандық компанияларды Гонконг қор биржасының листингінде тіркеуге мүмкіндік бермек.

Форумға Гонконгтің әлемге танымал компаниялары, соның ішінде "Hutchison", "New World", "Citic Group", "Stanley Ho Ltd", "PCCW" т.б қызығушылық танытуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті