Google әлемдегі ең қымбат бренд атанды

100 сауда маркасынан құрастырылған оның рейтінгі сейсенбі күні жарияланды.

Google брендінің құны бір жылда 40 пайызға көтеріліп, 159 миллиард долларға  жетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Бұл көрсеткіш аталмыш компанияға өткен жылы бірінші орынды еншілеген Apple американдық технологиялық корпорациясын артта қалдыруға септесті.  

Рейтингте үшінші орынды IBM компаниясы иемденді.  Microsoft компьютерлік гиганты өз орнында қалды (4-орын). Үздік бестікті McDonald's мейрамханалар желісі - 85 миллиард доллар түйіндеді.