Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік интернет-компанияларға (Google салығы) салық салудың жаңа қағидалары 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

"Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. 3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге".