Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«GoogleFlights» бағдарламасында жасанды интеллект бар. Ол әуе кемесінен тікелей ақпарат алады, кестеден барлық ауытқуды талдайды және жалпы кешігу ықтималдығын анықтайды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты - әуе компанияларының ресми ақпаратына дейін болжамды мәлімет беру.
«Ұшақтың кешігуі туралы ақпарат, болжамның 80%-на сенімді болған жағдайда ғана көрсетіледі. Дегенмен, біз жолаушыларға әуежайға алдын ала баруды ұсынамыз. Бірақ бұл ақпарат «тосынсыйларға» жол бермейді деп үміттенеміз», - дейді компания өкілі.
Қызметті пайдалану үшін, алдымен, өз рейсіңізді іздеуіңіз керек. Рейстің кешігуі туралы ақпарат іздеу нәтижелерінің жанында пайда болады.