Поповтың сайты Google іздеу жүйесінен бір ғана символмен ерекшеленеді екен. Ресейлік азамат үлкен "G"-дің орнына "ɢ"-ді пайдаланған.
Компания Поповтың ɢoogle-сайты спамдар жіберген, пайдаланушылардың дербес деректерін жинаумен айналысып, зиянды бағдарламалар таратқан деп отыр.
Ал, Виталий Попов болса Google-дің оған жалған айып тағып отырғанын және бұл доменнен айырылмайтынын мәлімдеді.
«Менің спам-хабарламалар таратқаным туралы бір де бір дәлел жоқ», - дейді ресейлік.
Google болса сот аяқталғанша компанияның ешқандай түсініктеме бермейтінін айтты.