Горбачев бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ құрылуы мүмкін екенін айтты

«Кеңес Одағы – болмайды, ал одақ – болады. Бұрынғы аумақта және сол құраммен, ерікті түрде... Мен жаңа одақ пайда болуы мүмкін деп санаймын», – деп келтіреді Горбачевтің сөзін ТАСС.

Михаил Горбачев КСРО-ның құлағаны үшін әлі де кінәлі екенін, алайда «одақты сақтап қалуға соңына дейін күрескенін» атап өтті.

«Меніңше, айтарлықтай ауыр салдар тамыз төңкерісінен кейін туды деп ойлаймын», – деді ол.

Горбачев мырза сұхбатында Борис Ельциннің «билікқұмарлығын» партия басшылығында жүрген кезінен байқағанын айтқан.


«Ол уайымдап, ештеңеге көңілі толмайтын, Саясибюроға мүше болмағаны үшін наразылық білдірген болатын», – деп түйіндеді ол.