Грецияда су тасқынынан тарихи көпір қирады


Нөсер жаңбыр Грецияның Эпирус провинциясында сенбі күні басталған. Жексенбі күні төрт өзен арнасынан шығып кетті. Су тасқынынан XVIII ғасырда салынған атақты Плака көпірі қираған.

Албанияның оңтүстігінде толассыз құйған жаңбырдан өзендер арнасынан шығып, ауыл шаруашылығының егіс алқаптарын жайлап кетті. Полиция мен әскер жергілікті тұрғындарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.