Грек аралында қазақстандық әйел ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеу жарияланған алаяқты ұстады.

"2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған", - делінген хабарамада.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.