деп хабарлады Deutsche Welle.
Қаржылық көмек бағдарламасының төрт айға ұзартылуы Афиныға қарызға қатысты келіспеушілік аясында тағы да талап қоюға мүмкіндік беріп отыр, деп мәлімдеді Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас ұлттық телевизия арқылы.
А.Ципрастің айтуынша, енді Афины несиелік келісімшарт туралы диалогты шынайы, бопсалаусыз жүргізе алады.
Алдында Берлин Афиныдың қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішін қабыл алмаған. Алайда жұмада Бундестаг көпшілік дауыспен ол елге берілетін халықаралық қаржылық көмекті биылғы жылдың маусым айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.