Грекия қарызынан құтыла бастады


шамамен 450 млн еуро төлейтін болады, деп хабарлады www.24.kz.

Бұл туралы қордың басшысы Кристин Лагард Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакиспен кездесуінде мәлімдеді. Наурыз айының бас кезінде де Грекия Халықаралық валюта қорына 310 млн еуро қайтарған болатын.

Естеріңізге салайық, жуырда Афины кезекті рет несие алу үшін Еурокомиссияға жаңартылған реформалар тізімін ұсынған болатын. Құжатта шамамен 6 млрд еуро қаражат жинау үшін қандай амалдар жасалынатыны нақтылап жазылған. Енді Грекия билігі Брюссельмен экономикалық саясат жөнінде келіссөз жүргізуге дайын отыр.