Грекия қазақстандықтар үшін Крит аралының керемет жерлерін көрсетті

Крит аралы әлемде теңдесі жоқ жер саналады. Жағалауын Ион, Эгей және Ливия теңіздері шаятындықтан, күн ашық кезде теңіздің 15 түрлі түске  боялғанын байқауға болады.

Анна Вдовина, турист:

- Маған Крит шуақты күндерімен ұнады. Жылы әрі таза теңіз! Тағамдарын айтсаңызшы! Тағы бір жақсысы -көлікті жалға алып, бүкіл аралды айналып шығуға болады.  

Арал шағын болғанымен, көруге лайық жерлер жетерлік. Криттің ең басты мақтанышы –Кносс сарайы. Бәрімізге мектеп қабырғасынан таныс Минотавр лабиринті осында. Аңызға сенсек, мұнда Тесей батыр құбыжықты өлтірген. Ал Еуропадағы ең көне мәдениет саналатын –Миной заманынан қалған үйінділер де туристтер жиі келіп тамашалайтын орындардың бірі. Сондай-ақ гректердің көне құдайы Зевс тұрған үңгір де сақталыпты.

Әсем Қозыбағарова, «Travel System» компаниялары тобының Қазақстан бойынша директоры:


- Грекия көне мәдениет кіндігі. Тарихқа қызығатын адамдар, жалпы туристтер үшін де Крит аралы таптырмас жер.

Крит көне арал болғанымен, мұнда қонақ үй мен қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Әр адам өз қалтасына қарай керекті отельді таңдай алады. Ал демлыста дүкен аралауды сүйетіндер үшін, грекиялық ішіктер сатып алатын нағыз маусым қазір.

Вячеслав Дмитров, турист:

- Барлықтарыңыз осында келіңіздер демалуға! Еш өкінбейсіздер! Сөзіме сеніңіздер! 

Критке аттануды ұсынып отырған «Тревел систем» компаниясы жазғы демалысыңыздың есте қаларлықтай өтетіндігіне кепілдік береді. Турагенттік әсіресе, қауіпсіздік мәселесіне көп көңіл бөлетіндіктен чартерлік рейсті атқаруды «Лук аэро» компаниясына сеніп тапсырыпты.