Грекия үкіметі 6 шілдеге дейін банктерді жабатыны туралы ресми хабарлады

әр банкте адамның бір есепшотынан  қолма-қол ақша алуға күніне 60 еуро көлемінде күнделікті лимит енгізетінін хабарлады,  делінген дүйсенбі күні ресми үкіметтік газетте жарияланған қаулыда, деп мәлімдеді   РИА Новости.   

«Банктердің жұмысын тоқтата тұру» қаулысында 28 маусым мен 6 шілде аралығы мерзімінде қаржы ұйымдарына қатысты қолданатын шаралар  жіктелген. Жарияланымға Грекия Президенті Прокопис Павлопулос пен елдің премьер-министрі Алексис Ципрас қол қойған, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

Грекия бұл қадамға «Еуротоптың 27 маусымдағы Грекияға қолдау бағдарламасын ұзартудан бас тарту шешімін қабылдағаннан кейін өтімділіктің жетіспеуі салдарынан Грекия қаржы жүйесі мен оның экономикасын төтенше шұғыл қорғау қажеттігінен» барды.


Грекияда 5 шілдеде халықаралық кредиторлармен келісім бойынша референдум өтеді. Референдумға 2015 жылғы 25 маусымда Еуропалық комиссия, Еуропалық орталық банк, Еуротоптағы Халықаралық валюта қоры ұсынған келісім жобасына қатысты мәселелер енгізіледі.