Грекия үкіметі елдегі өмір сапасы 2019 жылға қарай дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуі мүмкін деп санайды


«Сарапшылардың көпшілігі дағдарыс салдарынан оңалуға ондаған жылдар, бір ұрпақ өмірі емес, небәрі алты жыл қажет болатынын болжамдайды», деп мәлімдеді А.Самарас Брюссельге Еуроодақ өкілдерімен Грекиядағы қарыз дағдарысы бойынша жоспарланған кездесуге бара жатқан жолда Римде аялдаған кезінде.

Дегенмен, Грекияда жұмыссыздық деңгейі жаңа рекордтарға жетіп, өршіп барады. Грекияның ELSTAT статистикалық ведомствосының мәліметтері бойынша, 2013 жылы маусымда оның деңгейі 27,9 пайызды құрады, бұл ведомствоның осы көрсеткішті бақылаған кезінен бергі ең жоғары деңгейге жетіп отыр. Грекияда жағдайдың тұрақты түрде нашарлауы алты жылға созылған рецессияның себебінен болды. 2007 жылы басталған ол 2009 жылы қыркүйекте ең ауыр экономикалық дағдарысқа соқтырды. 2008 жылы ІЖӨ 23 пайызға құлдырады. Әйтсе де талдамашылар құлдырау деңгейі баяулап келе жатқанын атап өтуде, ал 2013 жылы туристер санының өсуі арқасында экономиканың кейбір салаларында өсім белгілері байқалуда.